Сәждеде үштен көп тасбих айту дұрыс па?

12 ақпан 2021 11184 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Рукуғ және сәждеде айтылатын тасбихты үштен көп айтуға болады ма? Ж.Әбілдаев


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Рукуғ және сәждеде тасбихты ең кемі үш рет айту қажет. Бұл сүннет.

Әбу Бәкір (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) рукуғте үш рет: «субхана Роббиал Ъазым» және сәждеде үш рет «субхана Роббиал Аълә» деуші еді»[1], – дейді.

Сонымен қатар, Абдулла бин Масуд (р.а.) Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Сендер рукуғ жасасаңдар, үш рет «субхана Роббиал Ъазым» деп айтыңдар, бұл – ең азы. Ал, сәдже жасасаңдар, үш рет «субхана Роббиал Аълә» деп айтыңдар, бұл – ең азы»[2], – деп айтқанын риуаят етеді.

Қорыта айтқанда, рукуғ және сәждеде тасбих сүннетке сай болуы үшін ең кемі үш рет айту қажет. Орташасы бес рет, ал ең толыққандысы жеті рет айтылса абзал саналады.

 


[1] Әдиллат әл-ханафиа мин ахадис ән-набауиа ъала масаил әл-фиқһиа, 166-бет.
[2] Әл-Лубәб, 72-бет.

Пікірлер Кіру