Жылдық есеп-2021: 1 жылда 7 миллионнан астам адам уағыз тыңдады

29 желтоқсан 2021 3211 0
Оқу режимі

2021 жылы республика мешіттерінде 331 992 уағыз-насихат айтылып, оны 7 206 646 адам тыңдады. Бұл туралы елордада өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісінде Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров баяндады.

«2021 жылы еліміздің мешіттерінде 148 879 бесін уағызы айтылып, оған 1 967 714 адам қатысса, 149 477 ақшам уағызы өтіп, 2 294 492 адам қамтылған. РАНТ мүшелерінің жамағатпен 733 кездесуі ұйымдастырылып, оған 1 884 390 адам қатысса, ЖАНТ мүшелерімен 5 596 кездесу өтіп, оған 1 060 050 адам қатысқан. Заман талабына сай 9 194 бейнедәріс әзірленсе, онлайн уағыз-насихат 16 980 рет ұйымдастырылып, оны 4 250 000 адам көрді. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде 1133 онлайн-сұхбат өткізіліп, 378 707 көрермен тікелей эфирде насихат тыңдады» деді Батыржан Берденұлы.

Уағыз-насихат бөліміне қарасты төрт бағытта жұмыс жүргізетін Жастар секторында 11 433 ерікті бар. 2021 жылы Жастар секторының ұйытқы болуымен насихат бағытында 2 664, қоғамдық бағытта 1 592, сауаттылық бағытында 1 968 және спорт бағытында 1 263 іс-шара өтті. Жалпы саны 7 487 шара атқарылып, 378 245 адам қамтылды.

Ал Әйел-қыздар секторы 4 735 шара ұйымдастырып, оған 300 мың адам қатысты. Тарқатып айтсақ, оқу-ағарту бағытында 1 960 дәріс ұйымдастырылып, оған 228 769 адам қатысса, қайырымдылық бағытында 370 іс-шара өтіп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек берілді. Сондай-ақ әйел-аналардың қатысуымен жыл бойына 2 405 рет Құран Хатым жасалғанын айта кеткен жөн.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру