Жұма намазы оқылуына орай құрбан шалынды

05 ақпан 2021 3322 0
Оқу режимі

Бүгін киелі Түркістан облысына ресми сапармен барған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елімізде қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан ауыл мешіттерінде жұма намазының оқылуына орай құрбан шалды. 

Құрбан шалу рәсімінде Бас мүфти: «Уа, Алла Тағала! Әр істің соңғы нәтижесі Саған ғана аян. Бізге бұл сынақты жеңілдет, оның соңын қайырлы ет. Өзіңнің разылығың үшін шалған құрбандығымызды қабыл алғайсың. Еліміздегі күллі мешіттің есігін жұма намазға толық ашқайсың. Жер бетінен жұқпалы індетті жойып, бұл сынақты қуанышқа ұластыра гөр. Елімізге амандық, жерімізге тыныштық нәсіп ет. Халқымызды түрлі бүліктен сақтап, бірлігін бекем еткейсің. Әмин!» деп дұға етті.

Айта кетсек, құрбан шалу рәсіміне ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Марат Бектазинов, Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан  Қарақұлов пен Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов қатысты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру