Жер үнемдеу мақсатында жерлеу рәсімдеріне тыйым салынды

01 тамыз 2018 8752 0
Оқу режимі

Қытай елінің оңтүстік-шығысындағы Цяянси провинциясының билігі жерлеу рәсімдеріне тыйым салып, мәйіттерді өртеу әдісіне көшуді қолға алып отыр.  South China Morning Post газетіне сілтеме жасай отырып, Риа Новости ақпарат агенттігі осындай хабар таратты.

Белгілі болғандай, провинция басшылары бұл әдіс арқылы жер үнемдеуге болады деп шешкен көрінеді. Қазіргі уақытта жерлеу рәсімдері тоқтатылып, ал дайын табыттарды бұзып тастауды бастап кеткен. Ал, қыркүйек айының соңында провинция бойынша тек қана «кремация» әдісі қолданылатын болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін бұндай тыйым Қытай Шаньдун провинциясында қолданылып келген болатын. Алайда, адамнан айла артылған ба?! Аталмыш тыйымның әсерінен дәл осы провинцияда өзге жұртқа оғаш естілетін «мәйіт саудасы» пайда болған еді. Марқұмның туыстары кремацияға өзге адамның денесін өткізіп, өздері құпия түрде жерлейтін болған.

Пікірлер Кіру