Жапония мұсылмандарының саны екі есеге артқан

13 қаңтар 2021 4826 0
Оқу режимі

Васэда университетінің қызметкері Танада Хирофуми өзінің ұзақ уақыт бойы жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде соңғы 10 жыл ішінде Жапония мұсылмандарының саны екі есеге артқанын мәлімдеп отыр.

Ғалымның айтуынша, 2010 жылғы санақ кезінде Жапониядағы мұсылмандар саны 110 000 жанды құраса, 2019 жылдың соңғы мәліметіне сәйкес 230 000 адамның Ислам дінін ұстанатыны анықталған.

Мұсылмандық қабылдаған адамдар санының артуымен қоса, соңғы он жыл ішінде Жапониядағы мешіттер құрылысы, құлшылық орындары және халал тамақтану орталықтарының да саны айтарлықтай өскен. Мұсылмандар ассоциациясының басшысы Мухаммад Тахир Аббас Ханның айтуынша, қазіргі таңда Жапония аумағында 110 мешіт жұмыс жасайды.

Дегенмен, қазіргі таңда Жапония мұсылмандары үшін құлшылық жасайтын орын табу емес, мұсылмандарды жерлейтін жер табу мәселеге айналып отырған көрінеді. Белгілі болғандай, жапондықтардың 99% пайызы креминация рәсімін таңдайтындықтан, жерлеу рәсімі көп қиындық тудыратыны сөзсіз.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру