«Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясын бастады

09 шілде 2020 5017 0
Оқу режимі

ҚМДБ-ның «Зекет» қоры «Өмірге үміт сыйла» (Подари надежду на жизнь) атты акцияны қолға алды. Акция аясында оттегіге аса мұқтаж науқастарға (медициналық мекемелерге) желдеткіш құрылғылар (ИВЛ) тапсырылады.

Дүниені дүрліктірген індет елімізде де күн өткен сайын өршіп, науқастар мен қайтыс болғандардың саны артып барады.

Тіршіліктегі адамға ең керек нығметтің бірі ауа десек, індеттің кесірінен тынысы тарылып, дем жетпей жатқан жандардың көптігін көріп отырмыз. Осы күндері бірқатар ел азаматтары жомарттық танытып, жасанды тыныстандыру құралдарын (ИВЛ) ауруханаларға жеткізуді қолға алды.

Сырқат жандарды дәл осындай құрылғылармен қамтамасыз ету мақсатында ҚМДБ-ның «Зекет» корпоративтік қоры «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында бірнеше оттегі аппаратын сатып алып, науқастарға жәрдем бермек. Бұл аппарат оттегі жетіспеген адамдарға өмір сыйлайтыны анық.

Аталмыш акцияға еліміздің кез келген тұрғыны атсалыса алады. Ол үшін «Зекет» қоры мамандарының немесе әр облыстағы өкілдерінің есепшотына ақша аударса болады.

«Зекет» қайырымдылық қорының бас маманы:

Салтанат Қалдыбекқызы

Kaspi Gold:

5169 4971 9596 4915

Тел: +7 775 140 70 17

ЖСН: 980802400732

«Көп тілеуі көл болар» демекші, көптің қаржысына алынған құрылғылар сол өңірдің ауруханаларына жеткізіліп, науқас жандардың өмірін сақтап қалуға көмек беріледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру