«ЫРЫСКЕЛДІ ҚАЖЫ» МЕШІТІ ШӘКІРТТЕРГЕ ҚҰРАН КІТАПТАРЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ (ФОТО)

18 мамыр 2024 1112 0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Ырыскелді қажы» мешітінде тәлім алып келе жатқан шәкірттер Құран әліппесін аяқтап, Алланың кітабын түпнұсқада оқитын жағдайға жетіп отыр.

Яғни, Құранға түскен шәкірттерді одан ары ынтасын арттыру мақсатында мешіт ұжымы білім ізденушілерге Құран Кәрім кітаптарын хадия етті.

Құранға деген махаббат оны оқуға байланысты. Бұл қасиетті кітапты оқу ең ұлы ғибадаттардың бірі әрі Аллаһқа жақындататын бірден – бір төте жол болып табылады. Аллаһ Тағала бізге қасиетті Құранды оқуды әмір еткен.

Құранда: «Құраннан оқи алатындарыңды оқыңдар» [«Мүзәммил», 20] деп айтылса, Әбу Умәмә риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Құран оқыңдар! Ол қиямет күні иесіне шапағат етеді» [Мүслим] – деген.

Келесі хадистерде Құранды оқудың қандай сауап екендігі айтылады: «Кімде – кім Аллаһтың кітабынан бір әріп оқыса – бір сауап, ал бір сауап он сауапқа тең. Әлиф-ләм-мим («Бақара» сүресінің басы) бір әріп деп айтпаймын, әлиф бір әріп, ләм бір әріп, мим бір әріп» ( Тирмизи (Абдуллаһ ибн Масғуд риуаят етеді).

7 адам, тұғыр және мәтін кескіні болуы мүмкін

Пікірлер Кіру