Үржарлық қайырымды жандар жерлестеріне үй алып береді (ФОТО)

28 наурыз 2019 6476 0
Оқу режимі

Шығыс Қазақстан облысы6 Үржар ауданында жергілікті жомарт жандардың атсалысуымен «Жан жылуы жанұяға» атты қайырымдылық акциясы басталды.

«Бүгінгі «Жан жылуы жанұяға!» қайырымдылық акциясы «Нұр Отан» партиясының көпбалалы аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталған «Бақытты отбасы» жобасы аясында ұйымдастырылуда. Бүгінде таңда ауданымызда 3060 көп балалы ана тұрады. 1169 отбасы 18 жасқа дейін бала тәрбиелеп отыр. 1500 отбасы тегін медициналық тексеруден өтті. Үржар өңірі бойынша 276 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алады. 672 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Бұл мақсатта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аудан орталығынан тұрғын үй салынады. Осы ретте салынған үйлер аз қамтылған көпбалалы отбасыларға беріледі», – деді аудан басшысы Серік Зайнулдин. Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні 46 отбасының мүлдем баспанасы жоқ.

Осыған орай, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отыр. «Бұл бастама әлі де өз жалғасын тауып, еліміздің түкпір-түкпірінде жемісті еңбек етіп жүрген жерлестеріміз тарапынан қолдау табатындығына кәміл сенеміз»,- деген Серік Зинабекұлы арнайы қайырымдылық жәшігіне өз атынан 100 мың теңге сала отырып.  

Үржарлық қайырымды жандар жерлестеріне үй алып беруде  

Акция барысында «Комбистрой-1» ЖШС-нің директоры Дәурен Әбдікенов серіктестік атынан 2 млн теңге қосса, «Регионстрой» ЖШС-тің басшысы Ермек Байменов Қаратұма ауылдық округінен екі отбасыға үй алып беруге уәде етті. Сонымен бірге, жеке кәсіпкер Данияр Құмарбекұлы аудан орталығынан көп балалы отбасыға үй алып беретінін көпшілік алдына шығып айтты.

Үржарлық қайырымды жандар жерлестеріне үй алып беруде

Сол секілді, «Колос» шаруа қожалығының басшысы Ольга Романенко 1 млн теңгені табыс етті. Осындай ауқымды шараға байланысты банктен ашылған арнайы шотқа «АстанаВодСтрой» ЖШС-гі 1 млн теңгені аударған.     

Үржарлық қайырымды жандар жерлестеріне үй алып беруде

Акция барысында комиссия құрылып, қорытындысында осы күні 14 млн 174 мың теңге қаржы жиналды. Және қайырымдылық шараға келген демеушілердің көмегімен әлеуметтік жағынан аз қамтылған көп балалы тоғыз отбасыға баспана сыйға тартылды. Бұл акция әлі де өз жалғасын таппақ.  

Үржарлық қайырымды жандар жерлестеріне үй алып беруде

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 27 ақпан күні өткізілген «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде Тұңғыш Президентіміз халықты, әсіресе, көп балалы аналар мен әлеуметтік аз қамтылған топтарды қолдау шараларына ерекше назар аударған болатын.  

Үржарлық қайырымды жандар жерлестеріне үй алып беруде

Дереккөз: Қазақпарат

Пікірлер Кіру