Түркістанда Х Республикалық Құран кәрім жарысы өтеді

23 тамыз 2021 3603 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қазан айында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқау өтеді.

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», – деп айтқандай, Діни басқарма жылдағы дәстүр бойынша Х Республикалық Құран сайысын Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерей тойына орай қазан айының 6-7 күндері киелі Түркістан шаһарында өткізуді жоспарлап отыр. Сайыс Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша ұйымдастырылады.

Құран жарысына қатысушыларға қойылатын талаптар:

– Құранды қатесіз жатқа және тәжуидімен көркем оқуына баса мән беріледі;
– үміткер өз облысындағы алдын ала іріктеу сайысында 1-орын алған жағдайда ғана жарысқа жолдама алады;
– толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша қатысатын үміткер Республикалық, халықаралық жарыстарда жүлделі орын алмаған болуы керек;
– үміткер ҚР ер азаматы болуы керек;
– үміткердің 30 жастан аспаған болуы керек;
– үміткер жарысқа тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.

Қажетті құжаттар:

  1. Үміткердің анкетасы;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Іріктеу сайысының сертификат көшірмесі;
  4. Облыс Бас имамының ұсыныс хаты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге автокөлік пен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі. Номинациялар:

1. Толық Құранды жатқа оқудан:

1-орын (Авто көлік)
2-орын (3 000 000 тг.)
3-орын (2 000 000 тг.)

2. Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша: 

1-орын (2 000 000 тг.)
2-орын (1 500 000 тг.)
3-орын (1 000 000 тг.)

3. Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

1-орын (1 500 000 тг.)
2-орын (1 000 000 тг.)
3-орын (750 000 тг.)

4. Құранды мәнерлеп оқу бойынша:

1-орын (1 000 000 тг.)
2-орын (700 000 тг.)
3-орын (500 000 тг.)      

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру