Түркістан облысы жаңа тағы бір мешітпен толықты (ФОТО)

08 қазан 2018 7863 0
Оқу режимі

Тарихын сан ғасырлардан алатын, әулиелер мекені Отырар өңірі тағы бір жаңа мешітпен толықты. Мешіт Отырар ауданы Талапты ауылында бой көтеріп, есігін жамағатқа айқара ашты. Жалпы мешітке 100 адамнан аса жамағат сыяды. Талапты ауылының көрікті жерінде орналасқан.

Мешіттің ашылуы салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Түркістан облысы бойынша өкіл имам Наурызбай қажы Тағанұлы мен Түркістан облысының құрметті азаматы, Түркістан қаласы «Ақсақалдар» алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов ақсақал, Отырар ауданының әкімі Ерлан Айтаханов, ауданның құрметті азаматтары, облыстық мешіт наиб имамдары, аудандық мешіт имамдары, ауданның ақсақалдары, аудандық депутаттар, алыс-жақыннан келген ағайындар, ауыл азаматтары қатысты.

Наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құттықтау жылы лебізін білдіріп: «Тарихын сонау ертеден шертетін, талай сан ғасырлық аумалы-төкпелі замандардың куәсі болған, талай әулие бабаларымыз жатқан киелі де құт мекен Отырар өңірінің тұрғындары Сіздерге Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткіземін»,- деп сәлемін жеткізді. Мүфти хазреттің арнайы сыйлығы қасиетті Құран кітабын мешітке табыс етті.

Ары қарай сөзді Түркістан қаласы «Ақсақалдар» алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов ақсақал жалғап, батасын берді. Мешіт салған кәсіпкер Ғани Жанәділұлына ағалары ат мінгізді.

Дереккөз: ҚМДБ Түркістан облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру