Татарстан мүфтиі джиу-джитсудан күміс жүлдегер атанды
02 қыркүйек 2020
4587
0
Оқу режимі
Татар елінің мүфтиі Камиль Самигуллин джиу-джитсу спорты бойынша өткізілген Kazan-Open республикалық турнирінің күміс жүлдегері атанды. Сайыс Не-Ваза кешенінде әйелдер және ерлер, сондай-ақ ардагерлер арасында бөлек-бөлек өткізілген болатын.
Айта кетейік, татар мүфтиі джиу-джитсу спорты бойынша бірінші дәрежелі қара белдікке қол жеткізген тәжірибелі спортшылардың бірі.
Татарстан республикасының Джиу-джитсу федерациясының ұйымдастыруымен өткен айтулы жарысқа көптеген құрметті азаматтар шақырылған. Олардың ішінде аталмыш спорт түрінен Еуропа және әлем чемпионы Дауд Адаев да бар.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру