«Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығы жұмысын бастады (ФОТО)

22 ақпан 2021 4596 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығы ресми түрде жұмысын бастады.

«QAMQOR-SHARAPAT» – көпшіліктің сұранысымен жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру мақсатында қолға алынған жоба. Бүгін Діни басқарма бекіткен үлгіге сай Нұр-Сұлтан қаласынан орталығы ашылды. Іс-шараға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Камалжан Тұрдыбаев, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі мен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіп және «Aqmeshit» мешітінің бас имамы Дәурен Муслимов қатысты.

«ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазірет атқарушы билік өкілдеріне қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде ұсыныс көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізсе қабір басындағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізділікке келеді деген ниеттеміз» дейді наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру