«САЛАУАТТЫ ЖАМАҒАТ»: ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)

28 мамыр 2023 2790 0
Оқу режимі

Бүгін «Салауатты жамағат 2023» жобасы аясында Көктал мешітінің бас имамы Сабит Ережеповтың ұйытқы болуымен ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты мешіт жамағаттары арасында «Күшті адам – қуатты қоғам кепілі» атты ұлттық спорт ойындары бойынша сайыс өтті. Көктал мешітінің ұйытқы болуымен өткен сайыста қаладағы 15 мешіт жамағаты мен Астана медресесінің шәкірттері, жалпы 16 команда «Садақ ату», «гір көтеру», «арқан тартыс», «қол күрес», «асық ату» ойындары бойынша бақ сынасты.

ҚМДБ жариялаған «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында жамағат арасындағы бауырмалдықты күшейтіп, дін мен дәстүр сабақтастығын арттыруға бағытталған «Салауатты жамағат» сайысы бұған дейін бірнеше рет өткізіліп, дәстүрге айналып келеді. Бір-бірімен таныс болып қалған қатысушылар да жамағат арасындағы жарасымдылықтың үлгісін көрсетті. Жамағатқа жанкүйер болып, қолдау көрсетуге қала бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған діни қызметкерлер қауымы да түгелдей қатысып, ерекше сайыс өтті.

Бүгінгі спорт сайысына рекордсмен, қара күш иесі Тимур Сыпатаев келіп өз өнерін паш етті. Ұлттық спорт дәріптеушісі сайыста әділ төрелігін айтуға қатысып, жеңімпаздарды анықтады.

Сайыс соңында әр спорт түрі бойынша жүлдегерлерге арнайы «Алғыс хат» табысталып, естелік сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, командалардың жалпы көрсеткіштері есепке алынып, жүлделі орындар берілді.

Сайыстың ІІІ орын тұғырына «Ырыскелді қажы» мешіті лайық деп танылды. ІІ орынға «Көктал» командасы көтерілсе, «Әлжан ана»  мешіті жалпы есепте І орынды иеленді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz порталы

Пікірлер Кіру