РУХАНИ КЕЛІСІМ КҮНІНЕ ОРАЙ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ (ФОТО)

18 қазан 2022 2309 0
Оқу режимі

Елордада Рухани келісім күніне 30 жыл толуына орай Бейбітшілік және келісім сарайында «Рухани келісім – татулық негізі» тақырыбында мерекелік конференция өтті. 

Аталған Конференцияға Астана әкімінің орынбасары Есет Бәйкен, «Мәдениет арқылы әлем» Халықаралық қауымдастығының президенті, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор, Рухани келісім күнінің бастамашысы Төлеген Мұхамеджанов, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Бакиров, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы мен Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Болат Сәрсенбаев, сондай-ақ, түрлі діни бірлестіктердің өкілдері мен отандық және шетелдік сарапшылар қатысты. 

Алқалы жиында наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемі мен құттықтауын жеткізді. 

«Баршаңызды Рухани келісім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала әрбір отбасыға бақ пен береке нәсіп еткей! 

Елімізде осынау айтулы күнге маңыз беріліп жатқан жайттың да өзіндік айрықша мәні бар. Өйткені рухани келісімсіз келешек жоқ. Бұл дата еліміздегі барша ұлт пен ұлыс, дін өкілдерінің рухани бірлігі мен өзара бауырмашылдық байланысына үлкен серпін беруде. 

Аллаға шүкір, бүгінде Еуразия жүрегінде бейбіт ғұмыр кешіп келе жатқан Қазақстан төрткүл дүниеге бітімгер, араағайын, ымырашыл іргелі ел ретінде танылды. 

Өздеріңізге мәлім, жуырда елордамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің жетінші съезі өтті. Әлем халқын бірлік пен игілікке бастаған бұл жиынның Қазақ топырағында тұрақты түрде өткізіліп келуінің өзіндік мәні бар. Президентіміз айтқандай, Қазақ жері ғасырлар бойы Батыс пен Шығыстың арасындағы байланысқа алтын көпір болып келеді. 

Съезд діндер арасындағы татулықты нығайтып қана қоймай, бүкіл мұсылман әлемінің рухани тұтастығы мен бірлігіне қызмет етуде» делінген Бас мүфти құттықтауында  

Конференция барысында қоғамды ұлты мен дініне қарамастан біріктіруге, тұрақтылық пен келісімді сақтауға және одан әрі дамытуға бағытталған шара қатысушылары ұтымды пікірлері мен орамды ойларын ортаға салды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру