Қызылордада тұңғыш рет мал сою алаңына халал сертификаты табысталды

25 маусым 2018 8793 0
Оқу режимі

Қызылорда облысының өкіл имамы Болатбек Ұласқанұлы барша жамағаттың алдында «Смағұл» мал сою алаңына ҚМДБ-ның «Халал сертификатын» және мекеме қасапшысына қасапшы куәлігі мен мөрін табыстады.

Жақында ашылған бұл мекеме ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС мекемесінің арнайы тексерінен өтіп,  1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 3:2016 «Халал» өнімдерді дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға қойылатын жалпы талаптар» стандарттарының шарттарына сай екендігі расталды.

«Смағұл мал сою» алаңы қаламыздағы заманауи үлгіде жабдықталған, Халал стандарты талаптарына жауап беретін бірден бір кәсіпорын.  Халал Даму ЖШС-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі мекемеде бақылаушы қызметкер тағайындау және тәулік бойына онлайн режимде жұмыс жасап тұрған бақылау камералары арқылы  барлық процессті  бақылауда.

Сонымен қатар, мекеме қызметкерлері толығымен халал стандарты талаптары бойынша арнайы оқу семинарынан өткізілді.

Пікірлер Кіру