«ҚҰРАН ЖӘНЕ ТӘЖУИД» АТТЫ ИМАМДАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

04 қыркүйек 2024 924 0
Оқу режимі

Елордада орналасқан «Достық үйі» ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Құран және тәжуид» атты имамдарға арналған семинар болып өтті.

Шараға ҚМДБ Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов, ҚМДБ Құран секторының меңгерушісі Ахметов Серік қари және басқа да дін қызметкерлері қатысты.  

Жиында қасиетті Құранды дәріптеу, Құран сайыстарын өткізу туралы айтылып, жаңашыл тәсілдер мен тың идеялар талқыланды. Сондай-ақ, өзараға пікірлер мен ұсыныстар ортаға салынды.

Еске салсақ, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен мүфтият жанынан Құран секторы ашылған еді. Аталған сектор Қарилар даярлау орталықтарының жұмысын жандандыруға, Құранды сауатты оқитын имамдар шоғырын қалыптастыруға, Құран жарыстарын сапалы әрі нәтижелі өткізуге жан-жақты үлес қосу үшін бағытталған.

Пікірлер Кіру