Құм боранының кесірінен 1000-нан астам көлік апаты орын алды
02 тамыз 2018
7671
0
Оқу режимі
Дубай әмірлігі соңғы екі күн ішінде құм боранының құрбанына айналып отыр. Рсеми деректер бойынша, соңғы екі күн ішінде 1000-нан астам жол-көлік апаты тіркелген. Бұдан бөлек, полиция қызметкерлеріне көлік жүргізушілерінен 7 000-нан астам қоңырау келіп түскен.
Көлік апаттарының көбісі автомагистарльдарда, атап айтқанда, шейх Мухаммед бен Заед атындағы және шейх заед атындағы даңғыл бойында орын алған екен.
Қазіргі уақытта әмірліктің жол полициясы көлік жүргізу кезінде асқан қырағылық танытып, арақашықтықты сақтауға, жалдымдықты арттырмауға шақырып отыр. Ауа райы болжамы бойынша құм бораны әлі күнге жалғасуы мүмкін.
Пікірлер
Кіру