ҚМДБ ЖАНЫНДАҒЫ САРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ V МӘЖІЛІСІ ӨТТІ (ФОТО)

18 тамыз 2023 2181 0
Оқу режимі

Түркістан қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің V мәжілісі өтті.

Жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов арнайы қатысты. Кеңестің кезекті отырысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Өздеріңізге белгілі, Түркістан төрінде балаларға зорлық-зомбылық жасаудың алдын алу, себеп-салдарымен күресу жөнінде дөңгелек үстел өтті. Түрлі пікірлер айтылып, түйткілді мәселе жан-жақты талқыланды. Ұрпақ тәрбиесі, балаларымыздың болашағы дін мамандары үшін де әрдайым күн тәртібінен түспейді. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды екенін, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ерекше атап өтті. Ендеше бала тәрбиесі, оларға қиянат жасамауға қатысты сіздердің де пікірлеріңіз маңызды» деді.

Айта кетейік, жиында балалардың рухани тәрбиесінен бөлек, діни бағыттағы бірнеше мәселе талқыланды. Сарапшылар дін атын жамылған жат ағымдармен күрес, ізгі қоғам қалыптастыру, отбасы және тағы басқа да қоғамдық мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру