ҚМДБ төрағасы жұма намазын жүргізді (ФОТО)
26 ақпан 2021
3396
0
Оқу режимі
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қарағанды облысы Нұра ауданы Ахмет ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.
Бас мүфти Тәуелсіздіктің баға жетпес байлық екенін айта келіп, адамдарды қоғамға үлес қосып, жақсылыққа жақ болуға шақырды. ҚМДБ Төрағасы «Жасыл аймақта» тұрған елдімекендерде жұма намазын оқуға рұқсат беріле бастағанын, алайда COVID-19 індетінің таралу қаупі әлі де сейілмегенін айтып, мешітке келгенде санитарлық талаптарды қатаң сақтау қажеттігін жамағаттың есіне салды.
Айта кетейік, Ахмет ауылдық мешітіне жұма намазына жиналған жамағат санитарлық талаптарды сақтап, құлшылығын өтеді.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру