ҚМДБ төрағасы Сайрамда 4 баспана кілтін табыс етті (ФОТО)

26 қыркүйек 2020 4864 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысы, Сайрам ауданының Арыс ауылында «Ел үлесі – пәтерге» акциясының 273, 274, 275 және 276-шы баспана кілтін табыстау шарасына қатысты.

Алдымен Бас мүфти «Ел үлесі – пәтерге» акциясының мән-маңызына тоқталып, көп жылдан бері баспана тауқыметін тартып жүрген жандарға құтты болсын айтып, берекелі қоныс болуын тіледі. Баспана кілтін табыс етіп, өз атынан газ плитасын сыйлап, батасын берді.

Мұнда берілген әр үйдің жер көлемі 8-10 сотокты құрайды. Үйдің бөлмелері кең әрі жайлы. Барлық жағдай қарастырылған: асхана, жатын бөлме, дәретхана мен ғұсылханасы бар. Сонымен қатар, үйдің ауласы қоршалып, темір қақпасы орнатылған.

Айта кетсек, аталмыш үйдің құрылысына Түркістан облысының бас имамы Мұсабек Ақтамбердінің бастамасымен ҚМДБ-ның Түрістан облыстық  «Зекет» қоры өкілдігі, аудандық орталық мешіттің жамағаты қолдап, демеушілік етіп, аз уақытта пайдалануға берілді.  

Пікірлер Кіру