ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТЫҢ ЖОБАМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

06 қыркүйек 2023 1800 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елорда іргесіндегі Нұрлы ауданында орналасқан «Зекет және қайырымдылық» қорының тың жобасы – «QAZ-QATAR» тауық өсіру шағын фермасының жұмысымен арнайы танысты.

Бас мүфтиді жұмыс барысымен «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев таныстырып, қайырымдылық жобасының пайдасына тоқталды. Яғни фермадағы тауықтарды сатудан түскен қаржы қайырымдылыққа жұмсалады, ет күйінде мұқтаж отбасыларға таратылады. Бұл жобаны алдағы уақытта еліміздің өзге өңірлерінде, әсіресе оңтүстік аймақтарда іске асыру көзделіп отыр. Ал аталмыш шағын фермада қазіргі таңда 708 тауық өсірілді.

Сондай-ақ Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрастырылмалы баспана жобасымен де танысты. Оның мақсаты – түрлі себептермен үйсіз қалған отбасыларды қолдау мақсатында уақытша баспанамен қамтамасыз ету. ҚМДБ Төрағасы «Зекет және қайырымдылық» қорының аталмыш жобаларына сәттілік тілеп, игі іске атсалысқан азаматтарға ризашылығын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру