ҚМДБ төрағасы қасапхана салу жөнінде тапсырма берді (ФОТО)

12 шілде 2022 2971 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ірі қалаларда қасапхана салу жөнінде бастама көтерді. Бұл туралы ол 2022 жылдың Құрбан айт мерекесін қорытындылау жиынында мәлімдеді.

«Құрметті бас имамдар! Біз осымен тоқтап қалмай, жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында жұмыстануымыз керек. Алдағы құрбан айт мерекелерінде мал сою жағынан қиындықтар туындамауы үшін ҚМДБ өкілдіктеріне қарасты қасапханалар болуы керек деген шешімге келдім. Өздеріңізге 2022 жылдың соңына дейін өңіріңізден жаңадан салынатын қасапханаға арналған жер мәселесін шешулеріңізді және ҚМДБ «Уақып қоры» мен «Халал даму» мекемесіне еліміз бойынша халал стандарттарына сай келетін қасапхананың ортақ жобасын дайындап шығуды тапсырамын» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру