ҚМДБ төрағасы «Qamqor-Sharapat» орталығының жұмысымен танысты (ФОТО)

23 маусым 2022 3588 0
Оқу режимі

Бас мүфти Қостанай облысына барған сапарында қалалық «Жайлаубай ата» мешіті жанынан ашылған «QAMQOR-SHARAPAT» діни салттық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет Бас мүфтиге орталық жұмысын таныстырды. Бас имам халыққа діни салттық қызмет көрсету, мұсылманша жерлеу бағыты бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайлы баяндады.

Наурызбай қажы Тағанұлы имамдар форумында «Зират және зиярат мәдениеті», «Ас беру мәдениеті» құжаттары қабылданғанын атап өтті. Аталған құжаттардың негізгі мақсаты – халық арасында құдайы ас беру, зират көтеру мен қабірлерді зиярат етудің шариғатқа сай әдебі мен ортақ мәдинетін қалыптастыру.

«Кейде кейбір кісілер жақын туысы қайтқан кезде ысырапқа жол беріп, шариғатымыз талап етпеген іс-әрекеттер жасап жатады. Біз осы мәселені шешудің балама жолы ретінде мешіт жанынан діни салттық қызмет көрсету орталықтарын ашып, қазалы үйге барынша көмек көрсетіп келеміз. Сонымен қатар ас беру әдебін қалыптастыру бағытында халықты ысырапқа жол бермеуге үндейміз. Аллаға шүкір, жалпы жамағат пен зиялы қауым өкілдері бұл бастамамызды қолдап, өздерінің ізгі ниеттерін жеткізуде», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, орталықта мәйітті мұсылманша жерлеуге қажетті қолайлы жағдай жасалған.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру