ҚМДБ төрағасы Алматыда дін мен дәстүрді дәріптеді (ФОТО)

27 қыркүйек 2021 3948 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына жасаған жұмыс сапарында орталық мешітте «Дін мен дәстүр сабақтастығы» атты іс-шараға қатысты.

Жас жұбайлардың некесін қиған Бас мүфти Исламдағы отбасы құндылығы, ер мен әйелдің міндеттері туралы насихат айтып, батасын берді. Одан кейін кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесіп, азан шақырып, сәбидің есімін қойды. Қаз-қаз қадам басқан баланың болашағы үшін дұға жасап, екі өмірде бақытты болуын тіледі.

«Дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу – біздің жеті бағыт бойынша бекіткен жұмыстарымыздың бірі. Имамдарымыз дін мен дәстүрді қоғамға көбірек насихаттауға күш салу керек. Өйткені, біздің дініміз бен әдет-ғұрпымыз ізгілік пен игілікке үндейді» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру