ҚМДБ: Дәстүрлі дін өкілдері сұхбаттасты (ФОТО)

15 мамыр 2019 5437 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр бастаған делегацияны өз өтініштері бойынша қабылдады.

Кездесуде дәстүрлі дін өкілдері елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлік туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, тараптар мешіт пен шіркеудің тыныштық пен бейбітшілікті нығайтуға қосып жатқан үлесі туралы пікір алысты.

Дін басшылары халықты ізгілікке, адамгершілікке шақырып, елдің бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеу қажеттігін сөз етті. Өз кезегінде Қазақстан және Астана митрополиті Александр Бас мүфтиді қасиетті рамазан айының келуімен құттықтаса, ҚМДБ Төрағасы қонақтарды жуырда өткен Пасха мерекесімен құттықтады.

Серікбай қажы Ораз меймандарға мүфтият жұмысы жайлы айтып, жаңа ғимаратпен таныстырды.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру