ҚМДБ: Ақпан айында 1434 уағыз-насихат айтылды (ФОТО)

09 наурыз 2021 4315 0
Оқу режимі

Қазіргі таңда елімізде эпидемиялогиялық жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатқанымен, мешіттерде айтылатын жұма уағыздар, бесін және ақшам уағыздары уақытша тоқтап тұр. Дегенмен өңірлердегі ЖАНТ мүшелері мен мешіт имамдары уағыз-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілерде жан-жақты жүргізіп келеді.

Әр жұма сайын ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы YouTube әлеуметтік желісіндегі «Муфтият ҚМДБ» каналында жұма насихатын айтады.

Ал ҚМДБ ұстаздары, исламтанушы-ғалымдарының YouTube әлеуметтік желісіндегі «Хикмет студиясы» каналында «Пайғамбарлар тарихы», «Құран мұғжизалары», «Хадис тағылымы», «Ислам тарихы», «Ихсан ілімі», «Иман негіздері», «Отбасы ғылымхалы», «Ислам әдептері», «Ислам ғибадаты» сияқты түрлі тақырыптарда уағыз-насихаттары жариялануда.

Инстаграм әлеуметтік желісінде орыс тіліндегі РАНТ мүшелері де тікелей эфирде діни уағыз-насихат жұмыстарын жүргізуде. Атап өтер болсақ, Мақсатбек Каиргалиев «Шариатские основы ведение бизнеса», Қанат Алшынбаев «Сподвижники обрадованные раем», Қанат дауылбаев «Этика Ислама», Данияр Кенжалин «История пророков» тақырыбы бойынша аптасына бір мәрте, дүйсенбі-жұма күндері аралығында кешкі сағат 18:00 де шығып отырады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты өңірлердегі діни қызметкерлер әлеуметтік желілерде осындай діни уағыз-насихаттар мен сұхбаттарды белсенді түрде жүргізу үстінде.

Жалпы ақпан айында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты өңірлер бойынша мешіт имамдары 1434 медиа уағыз-насихат жүргізіп, 789 578 адам қамтылды.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру