ҚМДБ: 31 шілде – Құрбан айт мерекесі

21 шілде 2020 5200 0
Оқу режимі

Бүгін – зұлқағда айының соңғы күні. Ертең, яғни 22 шілде күні – зұлхижжа айы басталады.

30 шілде – Арапа күні.

31 шілде мен 1-2 тамыз күндері – Құрбан айт.

Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Арапа күні ораза тұту – сүннет. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», – деген (Муслим).

Құрбан айт күндерінде бай адамға құрбан шалу – уәжіп. Құрбан шалу Алла Тағалаға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету үшін, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді.

Алла Тағала баршамызға зұлхижжа айын құлшылықпен, сауапты істермен өткізуді жазғай, Құрбан айт мейрамын берекелі еткей, жер бетінде тараған індеттен сақтап, елімізге амандық, жұртымызға тыныштық бергей!

Шариғат және пәтуа бөлімі

ҚМДБ: 31 ШІЛДЕ – ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру