Қажылық бағасын төмендету тетіктері талқыланды (ФОТО)

14 желтоқсан 2019 4693 0
Оқу режимі

Елордада наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлының төрағалығымен өткен мәжілісте қажылық бағасын төмендету тетіктері талқыланды.

Мәжіліске ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, Дін істері комитетінің басқарма басшысы Досымжан Нұрбаев, Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, ҚМДБ Қажылық бөлімінің басшысы Жәнділла Бекжігітов және қажылық фирмалардың жетекшілері қатысты.

Өз кезегінде сөз алған Дін істері комитетінің басқарма басшысы Досымжан Нұрбаев қажылық бағасын төмендету тетіктерін талқылауды ұсынды. Фирма жетекшілері осы мәселеге байланысты ойын ортаға салды.

«Қажылық бағасының қымбаттауына ықпал етіп отырған негізгі факторлар – транспорт, тамақ, әуетасымалдау, т.б. қызмет түрлері бағасының өсуі» деп атап өтті турфирма жетекшілері.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру