Қажылық-2019 маусымын қорытындылаған алқалы жиын өтті (ФОТО)

04 қыркүйек 2019 5340 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚМДБ Бас ғимаратында Қажылық-2019 маусымын қорытындылауға арналған жиын өтті. Оған ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов, Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов, биылғы қажылық миссиясының төрағасы Алау Әділбаев, Аппарат басшысы, миссия төрағасының орынбасары Ғылымбек Мәжиев қатысты.  

Алғаш сөз алған Бас мүфти үлкен сапардың оңынан болғанына, атқарылған жұмыстардың ауқымдылығына тоқтала келе, келер жылға жасалатын жоспарлар легін де атап өтті. Ал, вице-министр Марат Алмасұлы өз кезегінде қажылық кезінде жасалған жұмыстар турасында ой-пікірін білдірді. Онда биылғы қажылық кезінде Қазақстан қажылық миссиясы мен компаниялардың атқарған жұмыстары баяндалған.

Жиын барысында миссияны бастап барған Алау Шайқымұлы мен Ғылымбек Жәдігерұлы негізгі атқарылған жұмыстарға толыққанды есеп берді. Одан бөлек, 2020 жылы қажыларды апаратын әуе рейстерінің де жайы талқыланды. Сондай-ақ, алқалы жиында келер жылы компанияларға қойылатын талап пен баға мәселесі де сөз болды. Жиын соңында Бас мүфти биыл парызын өтеушілерге медициналық көмек көрсеткен топты Алғыс хатпен марапаттап, еңбектерін ерекше атап өтті. Ал қажылықты дамытудың келер жылға арналған отырысы қазан айында өтпек. 

 

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру