«ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ МӘРТЕБЕСІ» АТТЫ РУХАНИ КЕШ ӨТТІ (ФОТО)

11 ақпан 2023 2814 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі Әйел-қыздар секторына қарасты «Рақымқызы Раиса ана» мешітінің ұйытқы болуымен «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі» атты рухани кеш болып өтті. Атаулы шараға Елорда мешіттерінің ұстаздары, шәкірттері мен ерікті жамағат қатысты.

Тағылымға толы рухани кешті «Рақымқызы Раиса ана» мешітінің ұстазы, қари Абжанов Абдуали Алланың кәламы Құранмен ашып берді. Құран аяттары оқылып болғанннан кейін сөз алған мешіт наиб имамы Хайриддинов Оңғар Ислам дінінде әйелдің маңызды орын алатынын айтып, қонақтарға ақ лебізін білдірді.

Бүгінгі кештің ерекшелігі — келуші қонақтартардың барлығы алдын ала ескертілгендей ұлттық нақыштағы киімдер киіп келген. Апалар мен қыздардың ұлттық киім киюі бүгінгі айтылған тақырыппен үндесіп, кешті көркейте түсті.

Шараға арнайы шақырылған спикерлер сөз алып, жиылған қауымға дін, дәстүр, қазақы тәрбие, тектілік пен орамал хақында өнегеге толы насихат айтты. Атап айтқанда, ҚМДБ Әйел-қыздар секторының басшысы Динара Құтқожақызы, Әйел-қыздар секторы Астана өкілдігінің төрайымы Зарина Шамидуллақызы, сондай-ақ, Елорда ұстаздары Айгүл Көксеген мен Қарлығаш Қажымәліқызы жиналған жамағатқа тың ақпараттар айтып, рухани сусындатты.

Шара барысында әннен шашу шашылып, ұлттық киімді насихаттауда (таңдап киюде) үздік деп танылған қонақтар ортаға шақырылып, қошемет көрсетілді. Арнайы шақырылған ұстаздардың барлығына ұйымдастырушылар тарапынан орамал мен қойын дәптерлері сыйланып, сияпат жасалды.

Кеш соңында осындай үлгі аларлық көркем шараның өтуіне ұйытқы болған «Рақымқызы Раиса ана» мешітінің ұстазы Бақыт Төлеуқызы келген қонақтарға алғысын білдіріп, алдағы уақытта да дін мен дәстүрімізді қоса насихаттайтын, әйел жамағатына арналған шаралар ұйымдастырылып тұратынын атап өтті.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру