Қасиетті Рамазан бойы қызмет жасаған шәкірттер марапатталды (ФОТО)

05 маусым 2019 6942 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде бүгін соңғы ауызашар дастарханы жайылды. Берекелі дастархан басында қасиетті ай бойы Бас мешіттегі қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысып, жамағатқа қызмет жасаған мешіт шәкірттерін марапаттау рәсімі болып өтті.

Айта кетейік, еліміздің Бас мешітінде Рамазан айы бойы күн сайын 600 жанға тегін ауызашар беріліп келді. Осы орайда күн сайын жамағатқа ауызашар талондарын таратып, дастарханға орналастырған, ақшам намазы алдында мешіт ішінде құрма мен су қойып, тарауих намазы кезінде тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалап, халыққа қызмет еткен шәкірттер еңбегі шынында қандай мақтауға болсын лайықты.

Жамағатқа жайылған соңғы ауызашар дастарханында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қуат Ерғалиұлы жұртшылыққа ерікті шәкірттерді таныстырып, ел алдында еңбектерін атап өтті. Дастархан соңында шәкірттерге және республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті ұйымдастырған «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасына атсалысқан қаламыздағы түрлі қоғамдық ұйымдар өкілдеріне арнайы «Алғыс хат» табысталды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру