Қадір түні қарсаңында 100 отбасыға қайырымдылық жасалды (ФОТО+ВИДЕО)

30 мамыр 2019 6582 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Елордамыздағы 100 мұқтаж отбасыға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасы өтті. «Жақсылықта жарысайық» дәстүрлі акция аясында өткізілген шара барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы тұрмысы төмен отбасыларға, көп балалы аналарға, асыраушысынан айырылған мұқтаж жандарға бір айлық азық-түлік қоры таратылды.

Рамазан айының мейірімін сезіндіріп, демеуші азаматтар мен мұқтаж жандардың арасына алтын көпір орнатқан «Жақсылықта жарысайық» дәстүрлі акциясы бұған дейін Елордамыздағы басқа да құлшылық ордаларында да өткізілген болатын. Қадір түні қарсаңында республикалық Бас мешітте ұйымдастырылып отырған дәстүрлі акция Нұр-Сұлтан қаласы бойынша әлі де жалғаса түсетін болмақ. Жамағатпен арнайы жүздесіп, «Рамазан сыйлығын» табыстауға келген ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осындай сауапты жоспарларымен бөлісіп, бүгінгі шараның мән-маңызын жеткізді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру