Пайғамбар мешітіндегі жұма намазы қалай өтті
08 маусым 2020
6140
0
Оқу режимі
Мадина шаһарындағы Пайғамбар мешіті ұзаққа созылған карантин режимінен кейін 31-мамыр күні қайта ашылған болатын. Әзірге мешіт қақпалары таң намазынан бір сағат бұрын ашылып, құптаннан соң қайта жабылып отыр. Мешіттің көлік тұрағы да әзірге жартылай жүктемемен жұмыс жасауда.
Сондай-ақ, өткен аптада Пайғамбар мешітінде алғашқы жұма намазы оқылды. Карантин ережелеріне сәйкес, мешітке келуші жамағат ғимарат аумағының тек 40% аспауы тиіс. Бұған қоса, мешіттің барлық қақпасына адамның дене қызуын өлшейтін арнайы тепловизор құрылғылары орнатылып, едендегі кілемдер алынып тасталған. Белгіліленген меже бойынша мешіт күмбездері мен шатырлары ашылып, ғимарат ішін жиі желдетіп отырады.
Дереккөз: Muslim.kz
Пікірлер
Кіру