НҰР-СҰЛТАН: 8 300 адамның сұрағына жауап берілді (ФОТО)
04 желтоқсан 2019
4717
0
Оқу режимі
Бүгін Алматыда басталған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген Төралқа мәжілісінде Нұр-Сұлтан қаласы бас имамының бірінші орынбасары Марат Дәлелханұлы 2019 жылы атқарылған іс-шаралар есебі туралы Бас мүфти Серікбай қажы Оразға баяндап берді.
«Биылғы жылдың басты оқиғасының бірі – республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті жанынан 33-30-30 Діни ақпарат беру call орталығының іске қосылуы. Жыл басынан бері Елордамыздағы ең білікті дін қызметкерлері 24 сағат бойы 8 300 сұраққа жауап берді. Бұдан бөлек мешітке келген 900 адамның сауалына қатысты пәтуа берілді» деп атап өтті М.Дәлелханұлы.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру