Наурызбай Тағанұлы: Қарапайым имам екенбіз демеңіздер…

15 қазан 2019 5815 0
Оқу режимі

Түркістанда ұлттың ұлы тұлғасы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойына арналған семинар өтіп жатыр. Жиынға ҚМДБ Төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысуда.

Бірінші наиб мүфти бірқатар өзекті мәселелерді ортаға салды. Сондай-ақ, асыл дініміз әмір еткен нәрселерді істеп, жұмысты жүйелі түрде жүргізуді алға тартты.

Жергілікті халықтың діни сауаттылығын арттыру үшін әуелі имамдардың білімі мен біліктілігін көтеру қажет екендігін еске салды. Сондай-ақ, өкіл имамға өкілдік жанынан біліктілік арттыру курсын ашу, тоқсандық, жылдық жоспар түзу, «Имам Матуриди» мектебін қалыптастыру тапсырылды. Бұл үшін мүфтият тарапынан кестеге сай, қажетті ұстаздар да жіберілмек. Сол үшін өкілдік тарапынан нақты және тұрақты концепция әзірленуі тиіс.

Наурызбай қажы Тағанұлы:

Мүфтият бар, ал, біз қарапайым имам екенбіз деп жұмысқа бейжай қарауға болмайды. Үнемі білім жетілдіру керек. Құранды көбірек жаттау қажет. Ағымдармен жұмыста және дін насихатында ыждаһаттылық танытуға тиіссіздер…
Мешіттің әдемілігі әрлі-берлі өткен халықты Алланың үйіне тартады. Сондықтан сәулеті мен сәніне мән берген жөн. Мешітке келген балаларды қадағалау, оларды имандылыққа тартуда нәтижеге жету керек. Мешіттерде ақида, фикһ бойынша ақпараттық-танымдық жадынамалар тұруы тиіс.

Айта кетсек, Түркістан қалалық мешіттерінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан семинарға ғалым-ұстаз Абдулла Жолдас, РАНТ мүшесі Арман Қуанышбаев арнайы қатысуда. Сондай-ақ, құрметті қонақтардың қатарында облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теологтары да бар.

Muslim.kz суреті.

Muslim.kz суреті.

Пікірлер Кіру