Наурызбай қажы Тағанұлы жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысымен танысты (ФОТО)

25 мамыр 2021 3339 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы сапар барысында Қарағанды-Нұр-Сұлтан тас жолында салынып жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.

Мұнда шамамен 1000 адамға лайықтылған құлшылық үйі салынуда. Құрылысы 2019 жылы басталған мешіт биыл толық аяқталады деп жоспарлануда.

Бас мүфти ең алдымен кәсіпкер Қуантай Мұхтарұлымен бірге мешіт ішін аралап көрді. Қазіргі таңда бұл құлшылық үйіне Бұқар жырау есімін беру жоспарлған.

Айта кетерлігі, мешіт күре жолдың бойында орналасқан. Жамағаттың тілегі ескеріліп, дәл осы орыннан жер берілген екен. Өйткені елордаға қарай жол жүретін азаматтар үшін Теміртау қаласына дейін жол бойында мешіт жоқ. Осыны ескере келе Бас мүфти кәсіпкер азаматқа мешіт ішінен жолаушылар бөлмесін қарастыруды да атап өтті.

Еске сала кетсек, Діни басқармаға қарасты жол бойындағы мешіттерде қазіргі уақытта Бас мүфтидің тапсырмасына сай жолаушы азаматтар үшін барлық жағдай қарастырылуда.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру