«Нәтиже» сүт фабрикасы тексерілді (ФОТО)

09 қаңтар 2020 7859 0
Оқу режимі

Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің Қарағанды қаласы бойынша жауапты өкілі Ысқақ Абдрахманов пен сарапшы-технолог Арайгүл Бақытқызы Natige Milk сауда белгісімен танылған сүт фабрика қызметкерлеріне  «Халал мен харам» жайында семинар өткізді.

Оқу-семинар барысында халалдың маңыздылығы, халал стандарт бойынша өнім өндірудің тиімділігі мен артықшылығы, «Е тағамдық қоспалары»,  халал азық тұтынудың пайдасы, харамның ұлт болашағы мен дінімізге, өскелең ұрпаққа, адам денсаулығына зияны жөнінде тоқталып, құнды ақпараттар берілді.

Фабрика қызметкерлері өздерін толғандыратын сұрақтарды қойып,  тұщымды жауаптар алды. Құнды ақпараттарымен бөліскен халал бөлімінің мамандарына ризашылықтарын білдірді. Оқу-семинардан кейін сүт фабрикасында кезекті айлық тексеріс жұмысы жүргізілді. Тексеріс барысында фабриканың барлық жұмыстарында халал стандарт талаптарының сақталуы басты назарға алынды.

Цех бір күнде 80 тоннадан аса шикізат өңдеуге қауқарлы. Ешқандай қоспасыз дайындалып, 5-8 күн аралығында қысқа мерзімді сақтауға арналған өнімдердің сақталуында да стандарт талаптарының орындалуы ескерілген. Мекеме өз өнімдерін Қарағанды облысына, Нұр-Сұлтан, Екібастұз, Павлодар қалаларына жеткізетіндіктен, тасымалдау барысының да стандартқа сәйкес келуі қарастырылды.

Сүт өнімдерін өндіру және қаптау барысында замануи және жоғарғы сапалы, әлемдік көшбасшылардың бірі ретінде  танылған Tetra Pak құрал-жабдықтары қолданылады. Сүт фабрикасының барлық процессінде ҚМДБ халал стандарт талаптарының сақталған және өнімдер жоғары сапада өндірілуде.

Дереккөз: Халал өнімдерін стандарттау бөлімі

Пікірлер Кіру