Наиб мүфти «Құл-Шариф» мешітіне барды (ФОТО)

29 шілде 2021 3402 0
Оқу режимі

Татарстан астанасы Қазан қаласындағы ХІІ халықаралық «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» экономикалық саммитіне арнайы барған ҚМДБ делегациясы сапар барысында «Құл-Шариф» мешітіне ат басын бұрды.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы мен «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлына мұсылман әлемінің ерекше сәнді ғимаратын «Құл-Шариф» мешітінің имамы Ильназ Шарипов таныстырды.

«Құл-Шариф» – Татар хандығының мың жылдығына орай 2005 жылы пайдалануға берілген мешіт. Елге 922 жылы Ислам діні келгенінің белгісі ретінде Татарстан Президентінің бастамасымен мешіт 922 адамның намаз оқуына лайықталып салынған. Күмбезі 36 метрге, ал мұнараларының биіктігі 54 метрге дейін жететін мешіт 1552 жылы Иван Грозныйдың басқыншылығы кезінде құлатылған «Ақмешіттің» орнына ақ мәрмәрдан тұрғызылды. Ашылғанына 16 жыл болса да, тарихи маңызы бар мешітке татар халқының біртуар тұлғасы, имам, ақын Құл Шариф есімі берілген.  

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру