Наиб мүфти батыр бабалар рухына тағзым етті (ФОТО)

17 қараша 2021 3311 0
Оқу режимі

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Мәскеу облысы Волоколамск қаласында аты аңызға айналған 8-гвардиялық-панфиловшылар дивизиясының Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерен ерлігінің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға Ресейге ресми сапармен барған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар қатысып, батыр бабалар рухына Құран бағыштап, тағзым етті.

«1941 жыл­дың 16 қарашасындағы Дубо­секово разъезі түбінде қазақстандық 28 панфиловшы батырлар Мәскеуге кіруге тырысқан неміс танктері колоннасын жеңіп, ұрыс-даласында жеңіске жеткен болатын.

Құранның «Әли Имран» сүресінің 169-аятында «Алла жолында өлтіріліп, шейіт болғандарды өлі деп ойлама! Керсінше, олар тірі әрі Раббыларынң дәргейінде ризық-несібеге бөлінуде» делінген. Қан майданда елім-жерім, ұрпағым деп жауға қарсы шайқасып, шейіт болған бабаларымызды Алла Тағала рақымына алып, жандарын жәннаттан еткей!» деді Ершат Оңғар.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру