Наиб мүфти аймақтық семинарға қатысты (ФОТО)

03 желтоқсан 2019 4695 0
Оқу режимі

 

Түркістанда облыстық мешіті мен облыстық қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен "Рухани құндылық – ұлт қуаты" атты аймақтық семинар өтті.

Шараға арнайы қатысқан ҚМДБ Төрағасының орынбасары Ершат Оңғаров имамдардың қызметтік міндетін сөз етті. ІІІ республикалық имамдар форумында қабылданған үш тұғырнаманы қалтқысыз орындауға шақырды.

Семинар барысында белгілі ұстаз Еркебұлан Қарақұлов кезекті ақида дәрісін өткізді. Уағыз айтуда Құран, хадис, ғұламалар ғибраты мен бабалар сөзін пайдалануға кеңес беріп, деструктивтік ағымдармен сұхбат жүргізудің жөнін үйретті. Облыстың бас имамы Мұсабек Ақтамберді ақпараттық кеңістікте белсенді болу керегін айтты. Семинарға Шымкент, Түркістан, Арыс, Кентау, Отырар, Бәйдібек аудандарынан 100-ден астам имам қатысты.

Сондай-ақ, наиб мүфтиге ұсыныстар айтылды. Жиын соңында семинар қатысушыларына сертификат табысталды. Ершат Оңғаров Түркістан қаласына сапарын Қожа Ахмет Яссауи кесенесін зиярат етумен аяқтады.

Дереккөз: Түркістан облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру