Мешіт қызметкерлері қарттарға құрмет көрсетті (ФОТО)

09 қаңтар 2020 5805 0
Оқу режимі

«Нұр-Сұлтан» қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің қызметкерлері Бас шаһардағы Қарттар үйін зиярат етіп, қарияларға арнап «Қарттарым – асыл қазынам» атты шара ұйымдастырып қайтты.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған шара барысында «Раиса ана» мешітінің наиб имамы Хамит Әліпбекұлы қариялар қауымына уағыз айтып, насихат жүргізді. Қарттар үйіндегі тағдырдың талқысына түскен ата-әжелерге мейірімділік танытып, қамқорлық көрсетті. Мешіті  ұжымы «Раиса Ана қыз-келіншектер мектебімен» бірігіп, арнайы дастархан жайды. Сонымен қатар, дәстүрлі әндер шырқалып, қарттардың жүзіне қуаныш ұялатты. Шара соңында қарттарымыз шексіз алғыстарын жаудырып, жастарға ұзақ ғұмыр тіледі.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру