Мемлекеттік рәміздер – патриоттық сезім сыйлайтын құндылықтар

04 маусым 2021 3226 0
Оқу режимі

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының Төрағасы, Бас мүфти

 

 Қадірлі отандастар!

Елімізде 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күнінде Туымызды, Әнұранымыз бен Елтаңбамызды құрметтеу, оны халыққа дәріптеу сынды игі іс-шаралар жүзеге асады. Ұрпақты ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеуде айтулы күнінің маңызы ерекше.

Асыл дініміз Ислам рәміздерге ерекше мән береді. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мұсылман үмбеті үшін маңызды оқиғалар кезінде ту мен жалау ұстаған. Хадис ғалымдары өз кітаптарында ту мен жалауға қатысты арнайы тарау арнаған.

Отан – құрмет пен бағалауға лайықты құндылық. Әнұранымыз шырқалғанда орнымыздан тұрып, құрмет көрсететініміз сондықтан. Бұл – мұсылман мемлекеттерінде көрініс тапқан жақсы үрдіс. Шариғатымыз мемлекеттік ту көтерілгенде, әнұран орындалғанда құрмет көрсетуге рұқсат береді.

 

Құрметті қауым!

Мемлекеттік рәміздер – әр азаматқа ерекше жігер мен патриоттық сезім сыйлайтын құндылықтар. Көк туымыз көкте желбіреп, әнұранымыз әркез шырқалып, елтаңбамыз елдігіміз бен бірлігіміздің символына айналғай.

Алла Тағала ұрпағымызды иманды, ұлтжанды етіп, еліміз бен жеріміздің болашағы жолында аянбай еңбек ете беруін нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, халқымыз ғұмырлы болғай. Әмин!    ​

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру