Мектеп оқушысы төрт жыл бойы ақша жинап, қажылыққа барды (ФОТО)

27 қаңтар 2020 7226 0
Оқу режимі

Дағыстанда тұратын 10-сынып оқушысы Сайдмухаммад Багандов жылдар бойы қажылық сапары үшін қаржы жинап, ақыр соңында өз арманына қол жеткізген. Осыдан төрт жыл бұрын ол анасын қажылық сапарына шығарып салып тұрып, өзінің бара алмай қалғанына қатты қынжылған екен. Содан бері тамақтануға берілетін, ара-тұра ойыншық сатып алуға жұмсалатын тиын-тебеннің бәрін қажылық сапарына жинай бастаған.

Биылғы жылы Саймухаммадтың анасы кездейсоқ кіші қажылық жолдамасын ұтып алады. Жолдама ұсынған қажылық фирмасының қызметкерлері Сайдмухаммад жайлы естіп, оған жеңілдік ұсынып, анасымен бірге кіші қажылық жасауға мүмкіндік туғызған.

«Харам мешітіне қайта-қайта бардым, тіпті ол жерден бір сәтке де кеткім келмеді. Зәм-Зәм суын іштім, тіпті қасиетті Қағбаны ұстап көрдім», – дейді ол өзінің қажылық сапарындағы әсерлерімен бөлісіп.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру