КӨКТАЛ МЕШІТІНДЕ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» АТТЫ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

17 қараша 2022 3479 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты Көктал мешітінің шәкірттері арасында «Дін мен Дәстүр» атты білім сайысы өтті. Жарыс мешіт жамағаты арасында дінге, дәстүрге және Қазақстан тарихына қатысты сұрақтар бойынша іріктеліп алынған 8 үміткер арасында ұйымдастырылды.

Сайыскерлерге лайықты бағасын беріп, әділ төрелік ету үшін әділқазы алқасына «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Салимбаев Омар, «Астана медресесінің ұстазы Дәурен Жақыпжанов, Көктал елдімекені ақсақалдар алқасының төрағасы Құсайынов Сабыр тағайындалды.

Үміткерлер «Сәлем сөздің анасы» аталымы  бойынша өздерін қазақы қар өлеңмен таныстырып, жырдан шашу шашты. «Өнерлі өрге жүзер» аталымында үй тапсырмасын орындады, яғни әркім салт-дәстүрге байланысты қазақи нақыштағы бір өнер көрсетті. «Жүзден жүйрік» аталымында қатысушылар экрандағы Ислам тарихына (Пайғамбарымыз бен Сахабалар өміріне) қатысты сұрақтарға жауап берсе, «Дода» аталымында әр топ экрандағы Фиқһ, Ақида мәселелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді. «Мәре» ақырғы айналымда қалған 3 сайыскер Дін мен Дәстүр және Қазақстан тарихына байланысты сұрақтарға жауап берді. «Білімді мыңда жығар» демекші, осы шешуші айналымда алған ұпайына орай 3-орын  Мазитов Фарид, 2-орын Садуақасов Бауыржан, Бас жүлде  Сайтжан Алматқа берілді.

Шара соңында жеңімпаздарды марапаттап, сый-сияпат берілді. Және жарысқа қатысушылар арнайы жайылған дастарханның қонағы болды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру