«Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық челенджі жандана түсті (ФОТО+ВИДЕО)

24 қаңтар 2020 5784 0
Оқу режимі

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен кешеден бастап «Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық челленджі басталған болатын. Ел астанасындағы ауа-райының қолайсыздығына орай басталған игі шара аясында Елорда мешіттерінің қызметкерлері мен жамағаты «Тегін такси» қызметін ұсынып, жолда қалған жүргіншілерді тегін тасымалдауға кіріскен болатын.

Игі шараға атсалысамын деушілердің қатары қасиетті жұма күні тіптен арта түсті. Жұма намазы басталмай тұрып, респбуликалық «Әзірет Сұлтан» мешіті жанынан 18 ерікті жан көліктеріне арнайы белгі қағаздарын жапсырып, сауапты істі бастап та кетті.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық акциясына құлшына кіріскен мешіт жамағаты мен қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, «Ізгі қала тұрғындары» челленджін қызу қолдауға шақырды. Наурызбай қажы Тағанұлы бұл қайырымдылық шарасы 12 мешіт бойынша бірдей өткізіліп жатқанын атап өтіп, қала тұрғындары осындай қиын шақтарда мейірімді болуға үндеді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру