«Инабат» клубының ұйымдастыруымен кездесу өтті (ФОТО)
08 ақпан 2020
5236
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітіндегі «Инабат» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен тағылымды кездесу өтті. Белгілі спорт журналисі, әлеуметтік желідегі танымал блогер Назерке Сұлтанбек әйел-қыздарға тайм-менеджмент тақырыбында семинар өткізіп, уақытты үнемдеу мен оны дұрыс пайдалану төңірегіндегі өз білімімен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылар сұрақтарына жауап алып, өзара пікір алмасты.
Жиын соңында «Инабат» клубы мешіт қонағына өз ризашылықтарын білдірді. Қасиетті Құран Кәрім кітабын сыйға тартып, арнайы алғыс хат табыстады.
Пікірлер
Кіру