«Иман» журналының №2 саны оқырманға жол тартты

03 ақпан 2021 4165 0
Оқу режимі

Басылымның ақпан айындағы санында жарияланған материалдармен қысқаша таныстырайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Ережеп айы және Миғраж мұғжизасы» атты көлемді мақаласымен ашылған.

«Пәтуә» айдарымен «Жыныс ағзаларын ауыстыру», «Аяттың түсуі» айдарымен ««Ғалақ» сүресі», «Үлгі-өнеге» айдарымен «Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жомарттығы», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Өлім – хақ бұл ғылыми да дәлелденді», «Түсіндірме» айдарымен «Жәбірейіл (ғ.с) періште нені уахи етті?», «Ұлағат» айдарымен «Ұлылардың ұлдарына өсиеті», «Ғибрат» айдарымен «Жүсіп Баласағұн хақында», «Данадан үйрен» айдарымен «Нәпсіні тәрбиелеу», «Насихат жыр» айдарымен «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа», «Жүргенмен дана кейпінде», «Тағдыр» айдарымен «Бақыт және бақытсыздық», «Тарихи тұлға» айдарымен «Бейбарыс сұлтан», «Абайла да сақтан!» айдарымен «Шынайы сәләфтар қандай ақида ұстанған?», «Зерде» айдарымен «Дертке ем», «Ақида» айдарымен «Ақида ілімінің тарихы», «Ұлылардан ұлағат» айдарымен «Тіл жоғалса – ұлт жойылады» атты мақалалар жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда, «Сұрақ-жауап» айдарымен «Құран аяттарын ыдыс-аяққа жазуға бола ма?», «Әдеп» айдарымен «Дұға жасайық», «Дәріс» айдарымен «Мінез-құлқыңыз қандай?», «Таным» айдарымен «Шүкіршілік берекені арттырады», «Сараптама» айдарымен «Мәһр сыры», «Ерлік – елдіктен» айдарымен «Қолбасшы қағидасы», «Ойласу» айдарымен «Уақытты қалай өткізіп жүрміз?», «Даналық» айдарымен «Бата», «Шежіре» айдарымен «Жәнібек батыр», «Қазақы дәстүр» айдарымен «Туысқандар», «Халық қазынасы» айдарымен «Мақал-мәтелдер», «Білгенге маржан» айдарымен «Ұлы дала елі», «Ой салу» айдарымен ««Қайда кеттің, жиырма бес...»», «Ұстаз кеңесі» айдарымен «Бала жақсы сөйлесін десеңіз...», «Жаттап айтыңыз» айдарымен «Үй-жайды сақтау дұғалары», «Біле жүріңіз» айдарымен «Ауа райын аңдар да болжайды», «Абайлаңыз: компьютер», «Шипа Алладан» айдарымен «Дертке дауа дұғалар», «Тәлім-тәрбие» айдарымен «Өтірік айтпаңыз», «Қатыгездік» айдарымен «Жыртқыштың аты жыртқыш» деген танымдық мақалалардың да өз оқырмандарын қызықтырары сөзсіз.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру