ЭР-РИЯДТА ДИЛ ЖАНЫНДАҒЫ ИСЛАМ ФИҚҺ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ 23-ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

22 сәуір 2024 1514 0
Оқу режимі

Сауд Арабия Корольдігінің астанасы Эр-Рияд қаласында Дүниежүзілік Ислам Лигасының ұйымдастыруымен Ислам фиқһ академиясының 23-отырысы басталды. Отырысты Лиганың Бас хатшысы мәртебелі доктор Мұхаммед бен Абдул Карим Әл-Иса құрметпен ашып, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталды. Жиында ислам фиқһына қатысты күрделі пәтуалар мен шешімдер қаралмақ.

Айтулы жиынға әлемнің 60 елінен дін ғалымдары мен мүфтилер қатысуда. Алқалы отырыстың құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бар.

Отырыста Дүниежүзілік ислам лигасы Жоғары кеңесінің 46-отырысы да өтеді. Академия отырысында онға жуық мәселе қаралды. Атап айтсақ заманауи құралдар арқылы саудамен айналысу, ПЗС камерасының көмегімен айды бақылау, жәбір көрген адамның емдеу шығындарын өтеп алуы, қайырымдылық қорларының қаражаттарын инвестициялау, күн тез бататын елдердегі ораза ұстауға қатысты маңызды тақырыптар айтылды.

Айта кетейік ДИЛ жанындағы Ислам фиқһ академиясының мүшелері аталған тақырыптар бойынша өз ойларын ортаға салып, заманауи сұрақтарға тез арада пәтуа шығару қажеттігін айтып өтті.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру