ЕЛОРДАЛЫҚ ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАР ЖЫЛ ЖОСПАРЫМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

«Әзірет Сұлтан» мешітінде елордалық әйел ұстаздардың жылдық жоспармен танысу жиыны өтті.
Жиында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Күлсара Бекет елордалық ұстаздар қауымына осы жылы атқарылатын іс-шаралардың мазмұнымен таныстырып, бағыттар бойынша жауапты қызметкерлер бектілді.
Сондай-ақ, отбасы институтын жаңғырту мәселесі қаралып, қоғамдағы әйел-аналардың рөлі мен жауапкершілігі жан-жақты қарастырылды. Күлсара Бекет әйел ұстаздарды ынтымақ пен бірлік негізінде бірігіп қызмет атқаруға, рухани тәрбие мен білім беру жұмыстарын үйлесімді жүргізуге шақырды.
Айта кетсек, биыл ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және отбасы құндылығы» жылы болып бектілді. Діни басқарма аясында имамдар 4 бағыт бойынша қызмет атқарады. Олар: «Дін мен дәстүр», «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Жат діни ағымдардан сақтандыру».