ЕЛОРДАДА ҚЫЗ-КЕЛІНШЕКТЕР АРАСЫНДА «ЯСИН» СҮРЕСІН ЖАТҚА ОҚУДАН ЖАРЫС ӨТТІ (ФОТО)

08 сәуір 2023 3651 0
Оқу режимі

Қасиетті Рамазан айында Астана қаласында «Кунта қажы» мешітінің ұйымдастыруымен Елордадағы мешіттердің әйел шәкірттерінің арасында  «Ясин» сүресін жатқа оқудан жарыс өтті.

«Әлжан ана» мешітінде өткен Құран  жарысын «Кунта қажы» мешітінің бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы сөз сөйлеп ашып берді. Ол өз сөзінде Алланың сөзі – Құран Кәрімнің қадір-қасиеті, оны оқу мен жаттаудың, ең бастысы, Ұлы Кітапта келген бұйрықтарды мүлтіксіз орындаудың артықшылықтарын айтты. Сонымен қатар, жарысқа қатысушы шәкірттерге сәттілік тіледі.   Сондай-ақ, мешіт ұстазы Лаура Арыстанбекқызы сөз алып, бүгінгі кештің бір мақсаты мешіттен тұрақты түрде білім алып жатқан шәкірттердің дәрежесін көтеріп, Құранға қызығушылықтарын арттыру екенін атап өтті.

Құран байқауына 40 қыз-келіншек қатысып, өзара бақ сынады.

Шараға ҚМДБ Астана өкілдігінің бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы арнайы келіп, жеңімпаз шәкірттерді құттықтап, қорытынды сөз сөйледі.

Астана медресесінің ұстаздары қазылық жасаған Құран жарысының нәтижесі бойынша, 10 жасар Багаудинқызы Ясмина бас жүлдені иеленіп, Ұмра қажылығына жолдама жеңіп алды. Жүлделі І орынды Ғалия Арапбек иемденіп, 200 мың теңге сыйақы алды. Ал, ІІ орынды Лаура Иманмадирова жеңіп, 100 мың теңгені қанжығасына байласа, ІІІ орынға Шерахан Айнұр лайық деп танылып, 50 мың теңгені еншіледі. Қалған барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары үлестірілді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру